Әлем

Ресей БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі өкілеттігін тоқтататын болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтататын болды. Бұл туралы Ресейдің ұйым жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Геннадий Кузьмин айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Ресей тарапы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Ресейдің БҰҰ АҚК мүшелігін тоқтату туралы резолюциясын заңсыз және саяси астарлы қадам деп санайды. Бұл - ішкі және сыртқы саясатта тәуелсіз, БҰҰ-ға мүше егемен елді жазалау мақсатында жасалған қадам», - дейді дипломат.

Айта кетейік, Ресейдің БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетіндегі мүшелігін тоқтату туралы қарарды 93 мемлекет қолдап, 24 мемлекет қарсылық білдіріп, 58-і қалыс қалды. Құжатты дайындағандар арасында АҚШ пен Украина бар.