Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары ұсталып, ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Telegram-каналының ақпаратына сәйкес, олар ІІМ-мен бірлесіп, Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасарын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұстаған.

Ішкі істер министрлігі ақпаратты растады.

«Бірлескен жедел-тергеу тобы құрылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бес орынбасары бар. Бірінші орынбасары - Жасқайрат Қайыров. Басқа орынбасарлары - Рашад Өтеуов, Дамир Сиразидимов, Данияр Бек және Болат Нұрсейітов.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61