Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comПавлодардағы қабырғасы сынған сәбидің жағдайы белгілі болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2021 жылы туған сәбидің қазіргі таңда облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр.
«Екі жақты жіті полисегментальды пневмония диагнозына байланысты жағдайы тұрақты және ауыр. Сондай-ақ церебральды сал ауруы, симптоматикалық эпилепсия, конвульсиялық синдром диагноздары қойылған», - дейді олар.
Бұдан бөлек бір жарым жасар баланың сегізінші қабырғасы сынған.
Айта кетейік, баланың анасы Іnstagram әлеуметтік желісінде алғашқы көмек көрсету кезінде баланың қабырғасы сынғанын және ауруханаға бара жатқанда бала басымен құлап кеткенін жазған болатын.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61