Bugin

Мәскеуде Жириновскийді ақтық сапарға шығарып салуда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәскеудегі Құтқарушы Христос соборында Либералдық-демократиялық партияның жетекшісі Владимир Жириновскийді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтуде. Бұл туралы Bugin.kz порталы ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.  

Жерлеу рәсімін Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл жүргізеді. Саясаткермен қоштасу үлкен Дмитровкадағы Одақтар үйінің Колонна залында сағат 11-ден 13-ке дейін өтеді. Жерлеу рәсімі 14:00-де Новодевичий зиратында басталады. 

Ал, Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей президенті Владимир Путиннің «Жириновскиймен қоштасу рәсіміне міндетті түрде баратынын» айтты.