Bugin
Украина президенті Владимир Зеленский Краматорск вокзалына жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ол Telegram-да жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- «Бұл шекарасы жоқ зұлымдық. Басқыншылар Краматорск вокзалындағы «Точка-У» стансасына соққы жасады. Онда мыңдаған украиналық тұрғындар эвакуациялануды күтіп тұрған еді... 30-ға жуық адам қаза тапты, 100-ге жуық адам жарақат алды», - деді президент.
Оның айтуынша, оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
- «Ресейлік басқыншылар өз әдістерінен бас тартпайды. Ұрыс даласында бізге қарсы тұруға күші мен батылдығы жетпегендіктен, олар бейбіт халықты қиянатпен қырып жатыр. Бұл шекарасы жоқ зұлымдық. Ал ол жазаланбаса, ешқашан тоқтамайды», - деді Зеленский.