Bugin

Несие тарихын жақсартуға мүмкіндік бар, ол қалай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Несиесі бар немесе төленіп біткен азаматтардың құқықтарын қорғау және қарыз алушылардың кредиттік тарихын жақсарту мақсатында арнайы медиапортал іске қосылды. Бұл жайлы ҚазАқпарат ХАА жазды.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мемлекеттік және Бірінші кредиттік бюролармен бірлесе ашқан fingramota.kz сайты арқылы кредиттік тарихтағы ақпаратты қашықтан даулауға болады.

Бұл процесті, сонымен қатар Мемлекеттік кредиттік бюро сайтының «Ақпаратты қалай даулауға болады» бөлімінен, Бірінші кредиттік бюро сайтының «Ақпаратты даулау» бөлімінен жүзеге асыруға мүмкіндік жасалған.

«Бұл қызмет азаматтарға тегін көрсетіледі. Өтінімдер онлайн режимінде қабылданады. Өтініштер заңнамада белгіленген мерзімдерде өңделеді. Ақпаратты даулау туралы өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде және кредитордан алынған жауаптың ақпараты негізінде өтініш берушіге кредиттік бюродан алынған тиісті нәтиже жіберіледі», - делінген агенттіктің мәліметінде.

Ақпарат дұрыс емес деп танылып, кредитор түзетулер енгізген жағдайда, бұл өзгерістер өтініш берушінің кредиттік есебінде көрсетіледі.