Bugin

Кайман аралы Ресейдің $7 млрд қаржысын бұғаттап тастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кайман аралдары Ресейдің $7,3 миллиард активін бұғаттап тастады. Бұл жайлы Cayman Compass басылымы хабарлады.

Кайман аралдары Қаржы агенттігінің мәліметінше, Ресей азаматтарының бұл елде біршама қаржы-байлығы бар көрінеді.

«Ұлыбританияның Ресейге қарсы жариялаған санкциясына Кайман аралдары да қосылады. Санкцияға ілінген Ресей ұйымдары мен азаматтарының активтері толық бұғатталады. Кайман аралдары Ресейдің Украинаға шабуыл жасағанына қарсылық білдіреді», - деп хабар таратты Агенттік.

Басылымның жазуынша, Кайман аралдарында ресейге салынған санкцияға мониторинг жасап отыратын арнайы жұмыс тобы да құрылған екен. Жаңа санкциялар енгізілген тұста, Кайман аралдарындағы есепшоттар да тексеріліп, қатысы бар тұлғалардікі бұғатталып отырмақ.

Кайман Аралдары – Ұлыбританияның қоластына қарайтын әкімшілік аймақ. Кариб теңізінде орналасқан. Офшорлық есепшоттардың отанына айналған мекен.