Bugin

Головкин бүгін кешке бокстасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін рингте Геннадий Головкин мен Риото Мурата кездеседі.

Қазір бокс кеші басталғанмен Головкин мен Мурата жекпе-жегі біздің уақыт бойынша кешкі жетінің шамасында өтеді. Нақтырақ айтсақ, 19.00-де болады.

Екі боксшы да бұған дейін салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Головкин осыған дейінгі жекпе-жегінің 41-ін жеңіспен аяқтады. Біреуінде тең түсіп, біреуінде жеңілген.

WBA Super белдігінің иесі жапондық Риота Мурата 16 рет жеңіске жетіп, екеуінде жеңілген. Бүгінгі айқас 12 раундта жоспарланған.