Bugin
Қазақстан үкіметі елде Ресей жоғары оқу орындарының филиалын ашу ашу келісімін мақұлдауға дайындалып жатыр.
«2022 жылғы 24 ақпанда Нұр-Сұлтанда дайындалған ҚР Үкіметі мен РФ Үкімет арасындағы келісімді – ҚР аумағында Ресей Федерациясындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын және РФ аумағында Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беру ұйымдарының филиалдарын құру және олардың жұмыс істеуі туралы жасалған келісім – бекітілсін», - делінген Қазақстан Үкіметі қаулысының жобасында.
Қоғамдық талқылау 18 сәуірге дейін жүргізіледі. Дауысты мына сілтемеге еніп берсеңіз болады.
Айта кетейік, 11 қаңтарда мемлекет басшысы Қ.Тоқаев мәжілісте сөз сөйлеп, елде шетелдік абыройлы жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жайлы мәселе қозғаған еді. Әсіресе, Ресейдің техникалық жоғары оқу орындарын елге тартуды жөн санайтынын тілге тиек еткен. «Болашақ» бағдарламасын Ресейге бағыттау жайлы да сөз еткен еді.