Bugin
Ресей басқыншылары Украинаның солтүстік облыстарынан шығарылғаннан кейін олардың әскери қылмыстарының жаңа дәлелдері пайда болуда. Бұл туралы Ұлыбритания қорғаныс министрлігі Twitter-де жариялаған британ барлау қызметінің есебінде айтылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- «Ресей әскерилері Украинаның солтүстігінен шығарылғаннан кейін Ресей Федерациясының әскери қылмыстары туралы қосымша айғақтар пайда болуда. Бұған Бузова маңында қайтыс болған украин азаматтарына арналған қабірдің табылғаны дәлел бола алады», - делінген хабарламада.
Британ барлауы ресей әскерилері жасаған зорлау фактілері туралы жаңа мәліметтерді тіркеді.
- «Ресей әскерилері тарапынан зорлық-зомбылық жасады деген айыптаулар әлі де сақталады», - делінген хабарламада.