Bugin
БҰҰ өкілдері Украинадан кеткен босқындар саны 4,5 миллион адам болғанын айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы БҰҰ БЖКБ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы (БҰҰ БЖКБ) 24 ақпаннан бастап 4 503 954 босқын Украинаның көрші елдермен шекарасынан өткенін мәлімдеді.
Польша шекарасынан 2 593 902, Румыния - 686 232, Венгрия - 419 101, Молдова - 410 882, Ресей - 404 418, Словакия - 314 485 және Беларусь - 19 096 босқын кесіп өтті.
Бұдан бөлек, БҰҰ БЖКБ өкілі 18-23 ақпан аралығында Ресейге Украинаның Донецк және Луганск облыстарынан 113 мың адам келгенін айтты.
БҰҰ босқындардың бір бөлігі Еуропа Одағының басқа елдеріне, мысалы, Италия, Германия, Франция, Чехияға кетіп жатқанын атап өтті. Кейбірі АҚШ, Ұлыбритания және Аустралияға барады.