Bugin

Ресей әскерінің қоршауында қалған сарбаз өзін-өзі жарып жіберді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мариупольде Ресей әскерінің қоршауында қалған украин шекарашысы өзін жарып жіберген. Бұл туралы Bugin.kz порталы Обозреватель сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

– «Мариупольде Украина шекара армиясының аға офицері Ресей басқыншыларының қолдарына түспеуі үшін өзімен бірге радиостансаны жарып жіберді», – делінген хабарламада.

Украин қорғаушысының соңғы сөзі «Слава Украине!» болыпты.

Украина Президенті кеңсесі жетекшісінің кеңесшісі Алексей Арестович жексенбі күні өткен брифингте шекара әскерінің офицері жараланып, жау қолына түспеу үшін радиостансаны өзімен бірге жарып жібергенін айтты.

– «Қаһарман шекарашымызға тағзым етеміз», – деді Арестович.