Bugin
Шешен басшысы Рамзан Қадыров Украинаға қарсы сес көрсетіп, керек болса ядролық қару қолданатынын жеткізді. Бұл туралы ол Telegram арнасында жарияланған видеода айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ол видеода Путинді жер-көкке сыйғызбай мақтап, Украинадағы қарулы қақтығыста жеңіске жету үшін қолда бар жағдайдың бәрін жасайтынын, керек болса ядролық қаруды қолданатындарын мәлімдеді.
– «Біз Жоғарғы Бас қолбасшымыздың саясатын қолдаймыз. Оның кез-келген бұйрығын орындаймыз. Керек болса, ядролық қаруды да қолдана аламыз. Бізбен ойнамаңдар! Мен оның жаяу сарбазымын. Соған мақтанамын. Жоғарғы Бас қолбасшымыздың бұйрығын орындау» – бұрыннан бергі арманым», деді ол.