Bugin

НАТО офицері Ресейдің нысанасына айналуы мүмкін Украинаның екі қаласын атады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ әскери-теңіз күштерінің отставкадағы капитаны Гарри Табах Ресей Одесса мен Днепрді басып алу мақсатында соққы беруге дайындалуы мүмкін екенін жеткізді. Бұл туралы ол телемарафон эфирінде айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  «Суспильне» сайтына сілтеме жасап.

- «Ресей болжауға келмейтін, қисынсыз әрекет етуде. Олардың әрекетін түсіндіру мүмкін емес», - дейді Табах.

Оның айтуынша, Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы қазір әлдеқайда сауатты әрекет етуде.

- «Қазір менің жолдастарым - украиндықтар да, АҚШ әскери күштері де Ресей Днепр мен Одессаға қатты соққы беріп, Украинаны бөлгісі келетінін көрсететін белгілер бар екенін айтуда. Қазір барлығы уақытқа қарай жұмыс істеп жатыр. Барлығында уақыт аз. Қазір әр сағат, әрбір минут, секунд украиндықтар мен әскерилердің өмірі», - деп түйіндеді офицер.