Bugin

Берік Уәли Сапарбаевтың отставкаға кетуіне байланысты пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәли Жамбыл облысының экс-әкімі Бердібек Сапарбаевтың отставкаға кетуіне байланысты Facebook парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

- «Бердібек Сапарбаевты Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасу кезеңінен бастап, еліміздің бүгінгі даму белесіне дейін сүбелі үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері деп есептеймін.

Екі Президент, 11 Премьер-министрмен қоян-қолтық еңбек етіпті. Сол Үкімет басшыларының екеуіне орынбасар болған екен. Ал енді 5 облысқа әкім болғаны – тек Сапарбаевқа ғана тән факт.

Сондықтан саналы ғұмырын мемлекет пен қоғамның дамуына арнаған Бердібек Мәшбекұлы сияқты азаматқа құрметім жоғары. Қалай десек те отандық мемлекеттік қызмет саласында “Сапарбаев менеджменті” қалыптасты деп есептеймін» - деп жазды Берік Уәли.