Әлем

«Мен бұл сыйлыққа лайық емеспін»: Уилл Смит «Оскар» сыйлығын қайтаруы керек пе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Америкалық киноакадемияның мүшесі, актер Гарри Ленникс әріптесі Уилл Смиттің «Оскар» сыйлығын академияға қайтаруы керек екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Variety сайтына сілтеме жасап.

Ленникстің айтуынша, актердің өзі ғана кинопремияның халық алдындағы абыройын сақтап қала алады. Дәл қазіргі уақытта киноакадемияның репутациясына түскен дақты жуып-шаю жеңіл қарайтын шаруа емес. Оның пікірінше, бұл оқиғаға Смиттің өз еркімен «Оскар» сыйлығынан бас тартқаны ғана нүкте қояды.

Уилл Смит алтын статуэтканы экспресс-почта арқылы киноакадемияға жіберуі және халық алдында «Өзімді бұл сыйлыққа лайықтымын деп есептемеймін» деген сөздермен мәлімдеме жасауы керек.

Айта кетейік, «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімінде Уилл Смит әйелі Джаде Пинкетт-Смитке байланысты әзілі үшін кештің жүргізушісінің бетінен ұрған болатын.