Жамбылда жоғалып кеткен сарбаз Қырғызстанда өлі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жамбыл облысындағы «Андас батыр» шекара бөлімінен жоғалып кеткен сарбаз Қырғызстанда өлі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, Шу облысының орталық ішкі істер бас басқармасы қазақстандық сарбаз Ұлықбек Бердішовтің өліміне қатысты пікір білдірді.

«10 сәуірде сағат 17:40 шамасында Панфилов Ішкі істер департаментінің кезекші бөліміне мемлекеттік шекара маңында 20-25 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары мәйітті тапты. Факт ақпаратты тіркеу журналына тіркелді», - делінген хабарламада.

Марқұм 19 жастағы Қазақстан азаматы Ұлықбек Бердішов екені анықталып, сараптама тағайындалған.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысындағы «Андас батыр» шекара бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген сарбазды туыстары бір айдан астам уақыт бойы іздестіріп жатқаны хабарланған болатын.

Ал Halyq uni басылымының хабарлауынша, сарбаздың денесін оның туыстары Қырғызстандағы тау басынан тапқан.

Осыдан екі күн бұрын қырғыз шопаны солдат киімінің бір бөлігін тауып алып, туыстарына тапсырған. Артынша Ұлықбектің туыстары шекарадан өтіп, киімдері табылған жерге барған. Сол жерде 100 метрден кейін олар өз белдігінде асылып тұрған жігітті тапқан.

Үш күн бұрын әскери заставаға жоғалған сарбазды Қырғызстаннан іздеуге кеңес берілген. Алайда бұған дейін Қырғызстан шекарасында тінтуге рұқсат етілмеген болатын.

Бұған дейін сарбаздың әкесі баласының 2-3 күн сайын телефон соғып, жиі ақша сұрайтынын айтқан.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61