Bugin
Ақтөбе облысының әкімдігі Қазақстандағы және шет елдердегі имидждік инвестициялық іс-шараларға 62,3 млн теңге жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы holanews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Тапсырыс беруші – «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму бөлімі» мемлекеттік мекемесі; атауы - мерекелік және осыған ұқсас іс-шараларды ұйымдастыру (конференция, семинар, форум, конкурс, корпоративтік, спорттық, мәдени әрі мерекелік шаралар); қосымша сипаттама - ҚР аумағында және шет елдерде 2022 жыл бойы имидждік инвестициялық іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер; жоспарланған қаржы - 64 285 714,28 теңгені құрайды», - делінген мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған лоттың сипаттамасында.
Конкурстың техникалық ерекшелігінде кемінде үш имидждік шетелдік іс-шараны, сондай-ақ халықаралық және өңірлік деңгейлерде кемінде үш іс-шараны өткізу қажет деп көрсетілген.
Іс-шаралардың форматы:
1. 50-400 адам қатысатын бизнес-форум өткізу;
2. Пленарлық отырыстар мен панельдік сессиялар өткізу;
3. Отандық компаниялардың көрмесін ұйымдастыру;
4. В2В және В2G отырыстарын өткізу;
5. Кофе-брейк ұйымдастыру;
6. Іс-шараларға қатысушыларды тасымалдау;
7. Іс-шараларды аудио және бейне сүйемелдеу.
Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау 14 сәуірде аяқталады.