Bugin

Смайылов жаңа тағайындалған министр Тамара Дүйсеноваға маңызды тапсырма берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына жаңа басшы – Тамара Дүйсенованы таныстырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Әлихан Смайылов қазіргі таңда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша ауқымды міндеттер тұрғанын атап өткен.

«Үкімет халықтың алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді толығымен орындауы керек. Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын құру, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға қолдау көрсету, еңбек дауларының алдын алу бағытында тиімді жұмыс жүргізу қажет. Алға қойылған барлық тапсырмалар уақытында және сапалы орындалуы тиіс», — деді Смайылов.