Әлем

Рамзан Қадыров: Ресей Украинаның барлық қаласына шабуыл жасайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей әскері Украинаның барлық қаласына шабуыл жасайтын болды. Бұл туралы Шешенстан президенті Рамзан Қадыров Telegram-арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қадыровтың айтуынша, Ресей әскері қалалар, ауылдар мен елді мекендерді «ұлтшылдар» мен «бандеровецтерден» тазарту үшін шабуыл жасайды.

«Мақсатымыз айқын, біз іске кірістік. Мариупольге ғана емес, басқа қалаларға, ауылдар мен елді мекендерге де шабуыл жасаймыз. Алайда ең алдымен Луганск пен Донецкті басып кіреміз. Бас қолбасшы президент бізге осындай тапсырма берді», – деді ол

Айта кетейік, бұған дейін Шешенстан президенті Мариупольдегі негізгі міндеттердің аяқталуға жақын қалғанын хабарлаған еді.