Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің жүргізген сауалнамасы көрсеткендей, қазақстандықтардың 70%-дан астамы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметіне оң баға берді. Талдау наурыз айында жүргізілді. Сауалнамаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы және еліміздің 14 өңірінен 18-50 жас аралығындағы 1863 интернет қолданушысы қатысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
«Сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің 70%-дан астамы президенттің қызметіне оң көзқараспен қарайтыны белгілі болды. Сонымен қатар сауалнамаға қатысқандардың 67,4%-ы кейінгі сайлаудан кейін Тоқаевқа деген көзқарастарын жақсартқан болып шықты», - деп хабарлады ОКҚ-да.
Сауалнама нәтижесі бойынша қазақстандықтардың:
- 42,1 пайызы президентке ең алдымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге назар аудару керек деп есептейді;
- 41,4 пайызы жалақы, зейнетақы және жәрдемақы деңгейін арттыруға алаңдаушылық білдірді;
- 35,3 пайызы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге алаңдаулы;
- 32,5 пайызы халықаралық қатынастарды нығайтуды қолдап отыр;
- 26,3 пайызы президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске көбірек көңіл бөлгенін қалайды;
- 56,7 пайызы мемлекет басшысының қызметі қауіпсіздік мәселелеріне, 35,9 пайызы әлеуметтік әділеттілікке, 26-28 пайызы тұрақты экономикалық дамуға, әр отбасының әл-ауқатына, қоғамдағы достық пен келісімге негізделуі тиіс деп санайды;
- 71,3 пайызы оптимистік көзқараста және олар алдағы екі жылдағы өзгерістерге сенеді;
- 51 пайызы халықтың өмірінің жақсаруын президентпен тікелей байланыстырады;
- 20,5 пайызы үкіметке, 15 пайызы жергілікті атқарушы органдарға, 14,1 пайызы парламентке үміт артады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61