Bugin
Қазақстанда Назарбаев әулетіне тиесілі жер телімінің бірі меншік құқығынан айырылды. Мұны Сыбайлас жемқорлықты тергеу бюросы хабарлады.
«Назарбаевтар әулеті ел астанасы – Нұр-Сұлтан қаласының орталығындағы жерінің бір бөлігінен айырылды. Ел-жұрт «мынау – Тимур Құлыбаевтың аралы» деп атап кеткен жер телімін суретке түсіріп, бізге жолдаған жандар көп болды. Өз кезегінде құжаттарды тексеру кезінде бұл жердің сонау 1993 жылы Назарбаев Болат Әбішұлының атына беріліп, кейін 2014 жылы Б.Назарбаевтың ұлы (1983 жылы дүниеге келген) Нұрбол Болатұлының атына аударылғаны белгілі болды», - деп хабар таратты тергеу бюросы.
Бюро мәліметіне сенсек, бұл жер телімін 2022 жылы 28 қаңтарда Назарбаева Құндыз Болатқызы өзінің атына (1976 ж.т.) тіркеуге әрекет қылған екен. Алайда 2022 жылы 7 ақпанда бұл учаскенің меншік құқығы жойылған. Жердің қазіргі иесі кім екені белгісіз.