Bugin

Қазақстандағы Ресей банкі сатылғалы жатыр

Бір-екі аптада сатылып кетуі мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық Альфа-Банк сатылымға шықты. Нақтырақ айтсақ, қаржылық институт банктің акционерлерін ауыстырып, соның негізінде санкция шараларынан келген шығынды жабуды жоспарлап отыр.

Альфа-Банк Қазақстан басқарушы директоры Андрей Тимченко ағымдағы жағдайды жақсарту және тұрақтандыру үшін банктің қандай шаралар қолданып жатқандығы туралы ресми мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, қазір банктің акциялары мен несие портфелін сатылымға шығару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Банк акцияларын сатып алғысы келген ондаған инвестор банктің құжаттары мен есебін тексеріп жатыр. Жақын маңда келісім жасалуы мүмкін.

«Бір-екі аптада кесілім жасалып, жаңа акционер келеді деген сенімдеміз», - деп пікір білдірді Андрей Тимченко.

Оның айтуынша, Несие портфелін сату туралы басқа банктермен келіссөздер жүргізілуде. Жаңа инвесторларды іздестіруде, акционерлерді ауыстыру жоспарлануда.

«Бұл транзакциялар бойынша белгіленген лимиттерді алып тастау мен банктің барлық сервистерін қалпына келтіру туралы мәселені тезірек шешуге көмектеседі», - деп түсіндірді банк басшысы.

Андрей Тимченко акция мен несие портфелін сатып алуға мүдделі тұлғалар көп екенін атап өтті. Тілек білдірушілер тізімінде жергілікті және шетел өкілдері бар көрінеді.

Айта кетейік, 6 сәуір күні Ресейдің қос банкі – Сбербанк пен Альфа-банкке бұғаттау санкциясы салынған еді. Бұдан екі банктің қазақстандағы филиалдары да жапа шекті. Альфа-Банктің басшысы Михаил Фридман, Петр Авен пен Герман Ханға санкция салынды. Сондықтан банк басшылығын санкцияны жеңілдету үшін акционерлердің үлесін алмастыруға кірісті.