Bugin
Бүгін, 11 сәуір күні, Австрия канцлері Карл Нехаммер Мәскеу қаласына іссапармен бармақ. Әрі бұл іссапарында РФ президенті В.Путинмен кездеседі.
Ал австрия канцлері болса, Путинмен кездескенде оған «Украинаға бастаған соғысыңда өзің жеңілдің» дегенді айтуға бекініп отырса керек. Мұны Австрияның Сыртқы істер министрі Александр Шалленберг айтып отыр.
«Оған (Путинге – ред.) шындықты біреу айтуы тиіс. Президент Путин соғыста жеңілді, әсіресе, моральдық жағынан жеңілгені байқалып жатыр. Осыны жеткізуіміз тиіс. Бұл шындық Путин үшін де қажет. Біз адамзат тағдырын сақтап қалғымыз келеді», - деп пікір білдірді Шалленберг.
Айта кетейік, австрия канцлері 10 сәуір күні Украинаға барған еді. Енді Мәскеуге жол тартып барады. Путинмен кездесу жабық болады. Талқылайтын тақырып - Украинадағы соғыс.