Bugin

Немістер Украинаға қуатты танкілерін беруге әзір

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Германияның Rheinmetall атты қорғаныс ісімен айналысатын концерні Украинаға қуатты танкілерін беруге дайын. Нақтырақ айтсақ, Leopard 1 танкісінен 50 дана, Marder типті әскери көліктің 60-ын дайындап қойған.

Leopard 1 танкісі – Германия Қарулы күштерінің негізгі қуатты қаруларының бірі. Осы танкінің негізінде заманауи Leopard 2 танкісі құрастырылған.

Leopard 1

Marder әскери көлігі қарсыластың нысандары мен әскери техникаларына ауыр соққы жасауға, жаяу әскердің тасымалдау мен ұрыс салуына арналған.

Енді концерн Германия үкіметінің рұқсатын күтіп отыр. Неміс билігі Украинаға қуатты қаруларды беруге қарсы емес екенін жеткізген. Сондықтан жақын арада мақұлдап қалуы мүмкін.