Bugin
Ресей әскерилері Украинаға қарсы террордың жаңа кезеңін дайындап жатқандарын көрсететін мәлімдеме жасады. Бұл туралы президент Владимир Зеленский соғыстың 47-ші күнінің қорытындысы бойынша жасаған видеоүндеуінде айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- «Бүгін басқыншылар Украинаға және біздің қорғаушыларға қарсы террордың жаңа кезеңін дайындап жатқанын көрсететін жаңа мәлімдеме жасады. Басқыншылардың бірі Мариупольді қорғаушыларға қарсы химиялық қару қолдануы мүмкін екенін айтты. Мен әлем көшбасшыларына ресейлік әскерилердің химиялық қаруды қолдану мүмкіндігі талқыланғанын еске салғым келеді. Ал бұл ресейлік агрессияға әлдеқайда қатаң және тезірек жауап беру керек дегенді білдіреді», - деді мемлекет басшысы.
Ол қазір Еуропалық Одақ Ресейге қарсы алтыншы санкциялар пакетін талқылауға кіріскенін атап өтті.
- «Бұл пакетті ресейлік тараптан жаппай қырып-жою қаруы туралы сөздер бұдан былай естілмейтіндей етіп жасау уақыты келді. Ресейге қарсы мұнай эмбаргосы қажет», - деді Зеленский.