Bugin

Мәсімовты жақтастары тез арада босатуды талап етуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекеттік опасыздық жасады деп айыпталған ҰҚК-ның экс-төрағасы Кәрім Мәсімов созылмалы аурулармен ауырады. Бұл туралы Мәсімовтың жақтаушылары мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, Кәрім Мәсімовте көптеген созылмалы аурулармен, оның ішінде 2021 жылдың көктемінде анықталған ауыр созылмалы жүректің ишемиялық ауруы бар. Оның денсаулығына байланысты диагноз гуманитарлық негізде қамаудан дереу босатуды талап етеді.

- «Кәрім Мәсімовтің дәрігерлері ҰҚК-ның бүрынғы төрағасы жүректің ауыр созылмалы ишемиялық ауруына, сондай-ақ өлімге қауіп төндіретін басқа да ауруларға байланысты дереу босату қажеттігін жазбаша растады. Дәрігерлер бұл мәселе бойынша толық ақпарат беруге дайын.

Барлық құжаттар тиісті тәртіпте мемлекеттік органдарға тапсырылды. Сонымен қатар, бұл мәселе бойынша халықаралық органдар мен шетел үкіметтері хабардар етілді» - делінген хабарламада.