Bugin

Орыс православ шіркеуінің діни қызметкері Қадыровқа қатысты мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орыс православ шіркеуінің діни қызметкері, Украинадағы Львов тумасы Андрей Ткачев Рамзан Қадыровқа байланысты мәлімдеме жасады. Ол Шешенстан басшысының «орыс өркениетінің» адамы екенін баса айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы украиндық саясаткер Тарас Чорновилдің  Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Чорновилдің айтуынша, Владимир Путинге қызмет еткендерді орыс праволавтары «әулие» деп жариялауға дайын екенін айтты.

– «Рамзан Қадыров жанының әрбір талшығы орыс өркениетіне жатады. Ол орыс өркениетіне бірнеше жүз мың Ивановтар, Петровтар және Сидоровтар кірмесе де, бірақ Ахмат Қажы Қадыров пен оның ұлы кіреді. Барлығы қалай екенін елестете аласыз ба? Барлығы осылай өзгерді. Осы күндері шешен жауынгерінің қанымен араласқан орыс жауынгерінің қаны – соғысып жатқан орыс-шешен бауырластығы пайда болды», – деді Ткачев.