Bugin

Верещук Ресейдің украиналық әскери тұтқындарға қалай қарайтынын айтып берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украинаның уақытша басып алынған аумақтарын реинтеграциялау жөніндегі вице-премьер-министрі Ирина Верещук Ресей тұтқынындағы украиндық әскерилерге қалай қарайтынын айтып берді. Бұл туралы Верещук Reuters агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ресеймен осы уақытқа дейін үшінші рет тұтқындар алмасуы болған. Бұл кезеңде 26 украиндық, оның ішінде 10 әйел босатылған.

Қазір Ресей мен ресейшіл сепаратистер тұтқынында жатқан 1700-ге жуық сарбаз бен бейбіт тұрғындардың бар екенін алға тартқан ол, оның ішінде 500 әйел мен оларға жасалған қарым-қатынасқа алаңдайтынын айтты.

«Тұтқындарды мүлде отырғызбайды. Шашын қырып алып тастайды, сараптама тапсыру үшін күнде шешіндіреді. Адамдық ар-намысты қорлайды», - дейді Верещук.

- «Олар бізді осылай қорқытқысы келеді. Олар біздің жылап, құрбан болғанымызды қалайды. Бірақ біз ондай халық емеспіз. Біздің қыздары мен әйелдер жеңісіміз үшін күресуді жалғастыруымызды сұрайды», - деді ол.