Weekend

Идея сатыла ма?

Маған жиі келетін ойлар бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Идея сатып алушылар бар ма? Менің жарнама ролигіне бірнеше идеям бар еді. Тіпті жеке блог түсіруде де. Меніңше, идея сататын бір бюро ашсақ қандай керемет болар еді. Жақсы идеялар болуы мүмкін, бірақ барлығының оны жүзеге асыру мүмкіндігі жоқ. Егер осындай бір орын болса, сонда фантазиясы бар да, жоқ та ақша таба алар ма еді деп ойлаймын. 

Сіздер қалай ойлайсыздар? Ақша табуда белгілі бір шектеу бар ма? Сіздің ойыңызша 200 000 теңге тауып отырсаңыз, бұл сіздің бір айлық шығыныңыздың орынын толтыра алады ма? 

Кедей болу – мидағы шектеуге байланысты. "Осы тапқаным жетеді" деп емес, қалай осыны көбейтсем деп ойлау керек. Сонда ғана адам физилогиялық тұрғыда ғана емес, екі жақты дамиды.

Сіздің жасыңыз қырыққа келгенде: "Неменеге сабақ оқимын? Керек емес" - деп ойлау – қате. Неге десеңіз, адам ойланған сайын мидың жұмысы жақсарады, ойлау қабілеті артады.  Ол да денені белгілі бір фитнес залда жаттықтырған секілді.

Өзіңді-өзің мойындау жеңіл нәрсе, егер сен тәкаппар болсаң. Және де өзгені мойындау мүмкін емес, егер сенің көкірегің керіліп тұрса. 

Сенің жаныңда жүрген адам жақсы бір іс істесе, сен оны мойындай алмасаң – тәкаппарлық.

Қарапайымдылық – жанардың ішінде.