Bugin
Австрия канцлері Карл Нехаммер Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуден алған әсері туралы айтты. Бұл туралы Куриер жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Кездесу 11 сәуірде Мәскеуде өткен еді. Саясаткерлердің әңгімесі 1,5 сағатқа созылды.
Нехаммердің айтуынша, бұл достық сапар емес, ол Путиннің көзіне қарап, Бучада көргендерін айтқысы келген.
- «Жалпы кездесуден ешқандай жағымды әсер алған жоқпын. Мен пессимистік көзқарастамын. Путин әскери логикаға көшті. Барлық белгілер қарсылықты көрсетеді», - деді ол.
Австрия канцлері Путиннің халықаралық қауымдастық пен халықаралық құқыққа сенбейтініне сенімді.
Сондай-ақ олардың арасында дау туындап, оның барысында Ресей президенті Бучада болған оқиғаға Украина кінәлі екенін айтты.