Әлем
Ресейде Путинмен келіссөздер жүргізген Австрия канцлері Карл Нехаммер кездесуде Ресей президентінің Украинадағы соғысты тезірек тоқтатуды жақтағанын айтты. Бұл туралы New York Times жазады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Австриялық шенеуніктің айтуынша, кездесу соңында Путин оған мына сөздерді айтқан:
«Бұл [соғыс] мүмкіндігінше тезірек аяқталса жақсы болар еді».
Нехаммердің айтуынша, бұл сөздердің мағынасы анық емес. Путин одан әрі бейбіт келіссөздерге дайын екенін білдіруі мүмкін немесе Донбассқа жылдам әрі қатыгездікпен шабуыл жасауы мүмкін.
- «Бізде ешқандай иллюзия болуы мүмкін емес: президент Путин соғыс логикасын толығымен мойындады және соған сәйкес әрекет етуде. Сондықтан оның соғыс фактілерімен үнемі бетпе-бет келуі маңызды деп санаймын», - деді Австрия канцлері.