Bugin
Қазақстанның Ұлттық банкі санкцияға ұшыраған ресейлік банктердің еншілес ұйымдарына көмек көрсетеді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресейлік банктерге және олардың Қазақстандағы еншілес ұйымдарына қарсы санкциялардың кеңеюі аталған банктердің доллармен, еуродағы аударымдар және карточкалық операциялар бойынша жүргізілетін жұмысына әсер етті. Өйткені Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелерінің карточкаларымен операциялар жүргізу ісі шектелген.
- «Ұлттық банк клиенттерге қызмет көрсетуді қолдауға бағытталған көмек көрсетеді. Ресей банктерінің еншілес банктері қолма-қол теңгемен шектеусіз штаттық режимде қамтамасыз етіледі. Аталған банктерге қатысты енгізілген санкциялар мен шектеулер қазақстандық банктердің қызметіне байланысты емес және ықпал етпейді», - деді Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов үкімет отырысында.