Bugin

Наурыз айы: Қазақстандық ЖСН-ді қанша Ресей азаматы алғаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда 2022 жылдың наурыз айында жеке сәйкестендіру нөмірін алған ресейліктердің саны 2021 жылдың наурызымен салыстырғанда 14 есеге өсті. Бұл туралы Bugin.kz порталы Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ішкі істер министрлігі өткен жылы 14 717 Ресей азаматының ЖСН алғанын хабарлады. Сонымен қатар, 2022 жылдың алғашқы үш айында ғана 12 840 ресейлік азаматқа ЖСН берілген.

Сонымен қатар, Қазақстанда тіркелген ресейліктердің саны 2022 жылдың наурыз айында өсті. Бір ай ішінде Ресейдің 10 995 азаматы ЖСН алды. Салыстыру үшін: 2021 жылдың наурыз айында мұндай адам бар болғаны 783 болған – 14 есе өскен.

Ал Украина азаматтарына келетін болсақ, ішкі істер министрлігінің мәліметінше, мұндағы өсім шамалы болған. 2021 жылы Қазақстанда барлығы 1087 украиндық ЖСН алды. Айына 70-тен 128 адамға дейін тіркелді. Биыл олардың саны аздап өсті. Қаңтарда 42 украиндық ЖСН алды, ақпанда – 80, наурызда – 198 адам.