Bugin

Ресейді Путиннен кейін кім басқарады? - украиналық продюсер жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей Федерациясының Путиннен кейінгі президенті белгілі ресейлік блогер Юрий Дуд болуы мүмкін. Бұл пікірді украиналық танымал продюсер Александр Роднянский «Украина 24» телеарнасының эфирінде айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы УНИАН басылымына сілтеме жасап.

- «Сенімге де, электоралдық әлеуетке де ие адам бар - бұл Юрий Дуд... Ол қатал және адал сөйлейтін абсолютті орыс патриоты. Режимді қатаң түрде сынайды. Бәрі Навальныймен сөйлесуден қорыққан кезде, Юрий Дуд онымен күшті сұхбат жүргізді», - деді продюсер.

Роднянскийдің айтуынша, Дуд мінсіз беделге ие адам.

- «Ол үлкен саяси көшбасшы бола алады», - деді ол.

Дудтың өзі Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсы болып, Кремльдің саясатын айыптайды. «Путин егеменді елдің аумағына басып кіріп, сонда соғысып жатыр» деп жазды блогер Ресей агрессиясын тез арада тоқтатуды талап етіп.