Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comНұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өзін өртемек болған қаржылық пирамида құрбанының жағдайы әлі ауыр деп бағаланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
1990 жылы туған әйел денесінің кейбір жерін күйік шалып, жедел жәрдем көлігімен №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілген.
- «Ол комбустиолог, реаниматолог, токсиколог және терапевтке қаралды. Науқастың ауырлығын ескере отырып, күйік шокымен жансақтау бөліміне жатқызылды» - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оған толық медициналық көмек көрсетілді. Ол медицина қызметкерлерінің бақылауында. Оның денсаулық жағдайы әлі ауыр деп бағалануда.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61