Bugin
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова билікке қайта келуіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
БАҚ өкілдері министрге «Назарбаев сізді отставкаға демалсын деп жіберіп еді. Көпшілікті алаңдатып отырған сұрақ та осы. Демалып келдіңіз бе?» деп сұрақ қойды.
«Мен әрдайым жұмыс істедім... Маған бір ай уақыт беріңіздер. Содан кейін алдарыңызға шығып, сіздерді мазалаған сұрақтарға жауап беремін», - деді министр.
Айта кетейік, Тамара Дүйсенова кеше, 11 сәуірде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған еді.