Bugin

Белгілі әдебиеттанушы ғалым өмірден өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан Тебегенов дүниеден озды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Филология ғылымының докторы, профессор Тебегенов Темірхан Сақаұлы 1949 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында туған. Қызылорда педагогикалық институтын (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген.

Ғалымның өлеңдері, мақалалары республикалық газет-журналдарда, ғылыми жинақтарда жарияланған. Көптеген еңбектері Қытай, Ресей, Татарстан, Түркия, Қарақалпақстан елдерінде жарияланған. 300-ге жуық мақалалардың және 9 кітаптың авторы.