Қоғам
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comТалдықорған қаласы, Көктал шағын-ауданындағы үйден шыққан өрттің салдарынан бүтін бір отбасы баспанасыз қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Олардың кәмелетке толмаған жеті баласы бар. Өрт кезінде барлығы үйде болған. Балалар анасымен бірге үйден шығып үлгерген, ал отағасының қолын күйік шалады. Алайда дәл қазіргі уақытта 43 жастағы ер адамның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Облыстық ТЖД ақпаратына сәйкес, өрт қысқа электр тоғының тұйықталуынан шыққан.
«Үйдің түгі қалмады. Бүгін туыстарымыздың үйінде түнедік. Ол жақта адам көп. Ыңғайсызданады екенсің. Жергілікті пабликтер бізге арнап қаржы жинап жатыр. Талдықорғандықтарға алғысым шексіз», - дейді көпбалалы ана Мәншүк.
Әкімшілік бұл оқиға туралы біледі, тіпті, олар келіп тексеріп те кеткен. Көпбалалы ананың айтуынша, әкімдік бұл отбасыға жаңа үй тауып беруге ғана көмектеседі екен.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61