Қоғам

Енді Қазақстанда 9 сынып түлектері колледжде 100% тегін оқиды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Колледжде оқитын студенттер енді бұрынғыдай 4 жыл қатарынан жүрмейді. Олардың қанша жыл білім алатыны Білім және ғылым министрлігі бекіткен жоспармен жүргізілмейді. Кәсіптік білім алушылардың оқу мерзімі енді өндірістік кәсіпорындармен келісілген нақты білім беру бағдарламаларына және жұмыс берушілерге қажетті оқыту нәтижелеріне байланысты болмақ, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Колледжге түскісі келетін талапкерлерге қатысты тағы да өзгерістер болады. Қалалық білім басқармасының мәліметінше, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына түсудің нақты қағидалары шыққан.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша колледждерге академиялық дербестік берілген. Бұрынғы жылдары Білім және ғылым министрлігі түрлі біліктіліктер бойынша орта есеппен 2 жылдан 4 жылға дейінгі оқыту мерзімдерін реттеп, белгілейтін. Бұл ереже «Білім туралы» заңнан алынып тасталды. Енді бұл өндірістік кәсіпорындармен келісілген нақты білім беру бағдарламаларына және жұмыс берушілерге қажетті оқыту нәтижелеріне байланысты.

Бүгінде колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп, білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқу мерзімдерін дербес айқындайды, яғни мамандарды даярлау еңбек нарығының талаптарына сәйкес белгіленеді. Сонымен қатар білім беру бағдарламаларының тізілімі жасалды. Бағдарлама нарықтық сұранысқа сай реттеледі. Жоғары білікті мамандарды даярлауға тек педагогтар ғана емес, оған жұмыс берушілер де көмектеседі. Колледжге қатысты өзгерістер Мемлекет басшысының формализмді азайту және нарықта сұранысқа ие кадрларды даярлау туралы тапсырмасымен тікелей байланысты. Яғни, білім беру бағдарламаларын өзектендіру мәселелері бойынша кәсіпкерлік қоғамдастықпен ынтымақтастық форматын қайта қарау жөніндегі тапсырмасы іске асырылып жатыр.