Bugin

Алматыда мешітке келушілерді тонап жүрген ер адам ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысында мешіттерде ұрлықпен айналысып жүрген 25 жастағы жігіт қолға түсті. Қазіргі таңда күдіктінің 16 ұрлыққа қатысы бар екені белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ​​Талғар ауданының полицейлері ақпан айының соңынан бастап Тұздыбастау, Гүлдала, Қызыл Ту және Панфилов ауылдарында орналасқан мешіт қызметкерлерінен шағым түсе бастаған. Үнемі бетперде киіп жүретін қылмыскердің әрекеті көшедегі бейнебақылау камерасына да түсіп қалған.

«Күдікті ақшам намазының уақытын пайдаланып, мешітке келушілердің ақшасын, ұялы телефондары мен басқа да бағалы заттарын ұрлаумен айналысқан. Ол мешіт ішінде де, сыртында да әрекет етіп, тұрақтағы көліктерді тонаған. Болат ұшы бар арнайы балғамен көліктердің терезесін сындырған. Ер адам бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, көршілес Есік қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазір ұсталған азаматтың облыстағы осыған ұқсас басқа да ұрлық әрекеттеріне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», - дейді Талғар аудандық полициясы бастығының орынбасары Андрей Бурянский.

Қылмыстық іс материалдарында айғақ ретінде тәркіленген бейнежазбалар, ұрланған телефондар мен қылмыс қаруы тіркелді. Тергеу барысында күдіктіге қатысты «қамау» бұлтартпау шарасы тағайындалды.