Bugin
РФ президенті В.Путин Федералды Қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) 150 маманын жұмыстан қуып, тағы бірнешеуін қамауға алды. Путин өзінің барлау қызметіне сенуден қалды. Олардың арасында сатқындар мен агенттер бар көрінеді. Одан бөлек, онда Барлау қызметін дұрыс жүргізе алмаған біліксіз мамандар да отырған көрінеді. Өйткені Путинге Украинадағы соғысты бастардың алдында құпия мәліметтерді дұрыс тауып бере алмаған немесе дұрыс ақпарат бермеген.
Украинадағы соғыстан жеңілуге шақ қалған Ресей президенті енді маңайында жүрген тыңшылар мен сатқындарды іздеуге кірісті.
Бұл жайлы Ұлыбританияның Daily Mail басылымы жазды.
Басылымның дерегінше, Путиннің бұйрығымен Ресейдің ФСБ-сынан Барлау қызметінің басшысы Сергей Беседадан бастап 150 қызметкер жұмыстан қуылған.
Сергей Беседа
«Ресей соғыс бастарын британ барлау қызметінің мамандары күні бұрын біліп алғаны бәрімізге белгілі. Ал бұл ақпаратты британдықтар қайдан алды және кімнен білді? Ресей президенті мұны өзінің Барлау қызметінде жүргендердің біреуі ағылшындарға берді деп ойлайды. Сол адамдарды табуға тырысып жатыр. Одан бөлек, оған дұрыс ақпаратты бере алмаған біліксіз мамандарға да жаза қолдану көздеп отыр. Кеше, 11 сәуір күні, ФСБ-ның барлау қызметінің басшысы Сергей Беседаның ұсталып, қамауға алынғаны белгілі болды», - деп жазады басылым.
Кремль билігінің ФСБ қатарын тазалауға кіріскенін Bellingcat басылымы да растады.
Беседаға «мемлекет мүлігін талан-таражға салды» деген ресми айып тағылғанымен, тілшілер мұның себебі мүлде басқада екенін айтады. Тілшілердің айтуынша, Путиннің Беседадан шетелдік барлау қызметінің өкілдерімен байланыс орнатты деп күдіктеніп отырған көрінеді.
Британияның барлау қызметі Ресейдің 24 ақпан күні Украинаға басып кіретінін күні бұрын білген әрі «спецоперацияның» қай маршрутпен жүретінін, орыс әскерінің қай жерден басып кіретінін де біліп алған. Нақтырақ айтсақ, бұл ақпарат «спецоперация» басталардан бірнеше сағат бұрын ағылшындардың қолына түскен. Ал британдар болса, оны Украинаның Қарулы күштеріне берген.
«Ұлыбритания мен АҚШ-тың барлау қызметі орыстарды сан соқтырды. Соғыс басталғаннан бері дәл ақпарат алып отыр. Әрі соны Украинаға беріп жатыр. Украина армиясының Ресейдің белді генералдары мен қолбасшыларын жазбай танып, өлтіріп отыруының да себебі – осы. Путин соғыстан масқара боп жеңілуге шақ қалды. Сталин атасының әдетіне салып, құпия қызметтің ішін тазалауға, репрессия жасауға кірісті», - деп жазады басылым.