Bugin
Бағдарлама 2022 жылдың сәуір айының соңында іске қосылады.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, "Жасыл Даму" АҚ қаражаты есебінен Қазақстанның азаматтарына жеңілдетілген автонесие беру және автобус паркін жаңарту бойынша бағдарлама әзірлеп жатыр.
Жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландыру сомасы шамамен 100 млрд теңгені құрайды. Өңірлердегі автобустар паркін жаңарту үшін 30 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді.
Жеңіл автомобильдерді сатып алуға несие беру келесі шарттар бойынша жүзеге асырылады:
Автонесиені екінші деңгейдегі банктер береді.
Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін министрліктермен міндетті шарт көзделген. Оған сәйкес екінші деңгейдегі банктерде қарыз алушыларға қаржыландыруды ұсынудың мәртебесі мен мерзімін қадағалайтын автоматтандырылған жүйе болуы тиіс.
Сондай-ақ қарыз алушыға екі жылдың ішінде бір реттен артық автонесие алуға тыйым салатын шектеу енгізілген.