Bugin

Қайрат Сатыбалды байлығынан айырылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қайрат Сатыбалды «Қазақтелеком» акционерлік қоғамындағы 28 пайыз акциясын мемлекетке қайтарды. Нақтырақ айтсақ, Қайрат Сатыбалдының иелігіндегі Skyline Investment Company S.A. компаниясы қазақтелеком акциясынан бас тартып, оны мемлекетке қайтаруға келісті.

Қазақстан Үкіметі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады.

«Сыйға тарту шарты бойынша «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95%-ын құрайтын 2 671 481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын», - деп жазылған қаулыда.

Сондай-ақ «Alatau Capital Investment» ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85%-ын құрайтын қоғамның 413 412 жай акциясын республикалық меншікке береді. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұл компания – Қайрат Сатыбалдының иелігіндегі компания. Қазақстандағы автопром өндірісімен де байланысы бар бұл компанияның. Мәселен, 2016 жылы AllurGroup директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевпен бірге қазақстандық автоөндіріске осы компанияның қаржысынан инвестиция құйған. Осы ақшаға кәсіпкерлер жолаушылар көлігін, автобус, жеңіл жүк және ауыр жүк көліктерін құрастырмақ болған. Алайда инвестициядан пайда болды ма, жоқ па – ол жағы белгісіз.

Экс-президент Н.Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаеваның да автоөндіріске тікелей қатысы бар. Оның «Оператор РОП» компаниясы утилизациялық алым жинаумен айналысқан. Қазақстандағы автоөндіріс саласына осы Назарбаев әулетіне қарасты және жақын адамдардың тікелей қатысы бар.

Ал Қайрат Сатыбалдының өзі, еске сала кетейік, 13 наурыз күні ұсталған. 17 наурыз күні әйелі Гүльмира Сатыбалды ұсталды. Қазір олардың жағдайы туралы ақпарат жоқ.

Қайрат Сатыбалдының тағы екі серіктесі ұсталды