Bugin
Ресейдің Ростов облысынан Донбасқа қарай қалың әскер – қалың әскери колонна жол тартып барады. Әлеуметтік желіде тараған видеожазбаларды сараптаған СNN телеарнасы осылай деп хабар таратты.
Телеарнаның хабарлауынша, Ростов облысынан шыққан ресейдің қалың әскері қазір осы аймақта, Матвеев Курган ауылының маңында аялдап тұр. Беталысы солтүстік-шығыс, яғни, Донбасс жақ.
Бұған дейін Ресейдің Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Вадим Денисенко ресей әскері Донбасқа қарай «шабуылды бастап кетті» деген еді. Телеарна шенеуніктің осы сөзін тілге тиек етеді. Шенеуніктің айтуынша, ресей қазір бар әскерін осы аумаққа топтастырып жатқан көрінеді.
Айта кетейік, кеше Австралияның канцлері Карл Нехаммер Мәскеуге келіп, президент Путинмен кездескен еді. Кездесу жабық өтті. Талқыланған тақырып – Украинадағы соғыс.
Кездесуден шыққаннан кейін Нехаммер БАҚ өкілдеріне Путинмен жүздесудің оңай өтпегенін әрі екіұдай күйде шыққанын жеткізді. Өйткені ол Путиннің соғысты аяқтауға аса құлықты емес екенін байқаған. Әрі Путин бейбіт келісімге келу бір жағынан қарсы, ал бір жағынан келіскен түр жасаған. Путиннің өзі «соғыс мейлінше тезірек аяқталса жақсы болар еді» деген екен. Алайда канцлер бұл сөздің астарында бейбіт келісімге келіп, соғысты аяқтау деген ой жатқан, керісінше, ұрыс қимылдарын үдетіп, қатігездікке басып, жеңісті жұлып алғысы келетін ой жатыр деп тәпсірлеген.
Қазір Ресейдің Қарулы күштері Украинаның батысынан ығысып, шығыс аймағына келіп топтасып қалды. Сондай-ақ Беларусьтегі жауынгерлері де осы Донбасқа қарай ағылып жатыр. Соған қарағанда сарапшылардың көбі Ресей енді Донбасс маңында қуатты соққы жасап, Украинаның осы аймағын қанға бөктіріп, толықтай басып алмақшы дегенді айтуда.