Әлем
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЖапония Сыртқы істер министрлігі Ресейдің 398 азаматы мен 28 ұйымына санкция салынғаны туралы хабарды растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Азаттық радиосына сілтеме жасап.
Жапония Сырты істер министрлігінің сайтында жарияланған мәлімдемеде бұл шараны «бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан халықаралық әрекетке Жапонияның қосқан үлесі» деп көрсеткен.
Санкция салынған Ресей азаматтарының ішінде Мемлекеттік думаның 385 депутаты мен Катерина Тихонова, Мария Воронцова және Мария Лаврова мен Екатерина Винокурова бар. Жапония сыртқы істер министрлігі алдыңғы екі әйелді Владимир Путиннің қыздары, кейінгі екеуін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың әйелі мен қызы деп есептейді.
Санкцияға Ресей Әскери-теңіз флотының басшысы Николай Евменов, орынбасары, вице-адмирал Владимир Касатонов, Черноморск флотының қолбасшысы, адмирал Игорь Осипов, Құрлықтағы әскер қолбасшысы Олег Салюков, Әуе-ғарыш күштерінің бастығы Сергей Суровикин және ішкі істер күштерінің қолбасшысы Сергей Дронов та ілінген. Бұлардан өзге де бірнеше әскери басшылар бар.
Сонымен қатар олар Ресейдің 26 кәсіпорыны мен Альфа-Банкке және Сбербанкті санкция тізіміне қосқан. Активтері бұғатталып, 12 мамырдан бастап олармен транзакция жасауға тыйым салынған. Бұдан бөлек Жапония Ресейге жаңа инвестиция салуға да тыйым салды. 19 сәуірден бастап Ресейден ағаш, алкоголь әкелуге эмбарго жарияланған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61