Bugin

Ресейлік ресторатор: «Қазақ мәдениетіне түкіргенім бар»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласында бірнеше жобаны қолға алған ресейлік ресторатор Александр Орлов сәтсіз пранкімен қазақстандықтардың ашуын келтірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа мекеменің ашылуында ол келушілермен сәтсіз әзілдесті. Адамдарды дәм татуға шақырып, артынша олар мысық етін жегенін мәлімдеген. Олардың ызалануына ресторатор «Не болды? Жылқы етін жейсіздер ғой» деп жауап берген. Бірақ мұның барлығы пранк болып шықты. Клиенттердің бірі тіпті ашуға бой алдырып, оқиға орнына полиция шақырған.

Бұдан бөлек Орловтың әлеуметтік желіде қазақстандықтардың кәсіби деңгейін төмен бағалаған жазбасы да көпшіліктің наразылығын тудырды.

«Орталық Азияда білікті кадрларды табу шынымен қиын. Сондықтан осы аймақтан бастағандарға кеңес: бастапқы уақытта басқа елдерден кадрлар әкеліңіз. Мен бизнес бастаған кезде оңай болмады. Қазір Қазақстанға адам әкелу әлдеқайда оңай», - деп жазды ол.

Сонымен қатар наразылықтан кейін Орлов қазақ тілінде қымыз, бесбармақ, қазы жақсы көретінін, «жан дүниесінде өзі қазақпын» деген жазба жазып, ақталуға тырысты. Алайда оқырман бұлай кешірім сұрауына қанағаттанбады.