Әлем
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comУкраинадағы арнайы операция жоспар бойынша жүріп жатыр, Ресей экономикасы батыстық санкцияларға төтеп беруде. Бұл туралы Владимир Путин Александр Лукашенкомен бірге «Восточный» ғарыш айлағына барған сапарында мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
«Біздегі қаржы жүйесі мен өнеркәсібіміз бірқалыпты әрі тұрақты жұмыс істеп жатыр. Нео-нацизм, өкінішке орай, бізге жақын құбылыс. Бұл бүгін болмаса да, бір күні көрініс табар еді. Ал біз адамдарға көмектесіп, оларды геноцидтен құтқару арқылы Ресейдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жүргізіп жатырмыз. Бұдан басқа бізде таңдау болмады, қазір дұрыс қадам жасап келеміз. Сонымен қатар алға қойылған мақсаттарға қол жеткізетінімізге күмән келтірмейміз», - деді ол.
Сондай-ақ Ресей Президенті алғаш рет Бучадағы жағдай туралы айтты. Оның пікірінше, онда көргеннің бәрі Сириядағыдай жалған ақпарат екен.
«Сирияда арандатушылық болған кезде, олар Асад үкіметінің химиялық қаруды қолдануын суреттермен жариялаған болатын. Сол кезде суреттер жалған болып шықты. Бучадағы жағдай да дәл солай», - дейді Путин.
Ал Лукашенко Бучада болған оқиғаны Ұлыбритания ұйымдастырған арнайы операция деп есептейтінін айтты.
«Бүгін біз британиялықтар жүргізген психологиялық арнайы операцияны талқыладық», - деді Беларусь Президенті.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61