Bugin
Атырау облысында мемлекеттік қаражатты пайдалану кезінде 10 млрд теңге заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2021 жылдың желтоқсанында Тергеу комитеті Атырау облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді. Мемлекеттік аудит барысында құрылыс қызметі мен денсаулық сақтау саласында бірқатар заңбұзушылық анықталды. Осыған байланысты Атырау облысының әкімдігіне анықталған заңбұзушылықтардың сомасын қалпына келтіру және өтеу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды», - делінген хабарламада.