Қоғам

Биыл елімізде Жеңіс күніне орай әскери шеру болмайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еліміз Жеңіс күні әскери шеру өткізуді жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биыл Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің құрметіне шеру жоспарланбағанын хабарлаймыз», - делінген хабарламада.

Бірақ жоспарға сәйкес Қазақстанда әскери қызметтің беделін көтеруге бағытталған түрлі әскери-патриоттық іс-шаралар, мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Жеке блокта Ұлы Отан соғысы мен Қарулы Күштер ардагерлеріне құрмет көрсету шаралары болады. Жалпы министрлік еліміздің барлық аймағында 50-ге жуық түрлі іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.